ЖАҢАЛЫҚТАР

«Педагогтің құқықтары мен жауапкершілігі» тренингі және «Педагог заңға бағынатын мінез – құлықты қалыптастыратын тәлімгер» кейстер.

Мақсаты: Педагогтерге Қазақстан Республикасының «Педагог мәртебесі туралы» Заңының 18-бабы негізінде өз құқықтарын білуге, оларды қорғай алуға және кәсіби жауапкершілікті дұрыс түсінуге бағыт беру.

Психолог: Кожамсеитова А.Р.

Күннің екінші жартысында балабақшамыз нағыз думанға айналды.

Әр топ өздерінің мерекелік ертеңгіліктерін жоғары деңгейде көрсетіп, салт-дәстүріміздің тағылымын көрерменге паш етті. Ұлттық ойындар ойнатылып, ақ баталар беріліп, шашу шашылып, мерекенің сәні мен мәні одан әрі арта түсті.

Балабақша ұжымы әр топты аралап, жарапазан әндерін шырқап, жүрекжарды тілектерін арнап, әр бүлдіршінді ерекше ықыласпен құттықтады. Бұл сәттер балалардың да, ата-аналардың да көңілінде ұмытылмас әсер қалдырды.

Балабақшамызда әз-Наурыз мерекесі ерекше сән-салтанатымен, кең ауқымда аталып өтті.

Күннің алғашқы шуағымен бірге есігімізден ұлттық рух есіп, ата-аналарымыз жылы лебізбен қарсы алынды. Бұрымды қыздарымыз домбыраның күмбірін төгіп, көрген жанды тәнті етсе, ақ дастархан басында ұлттық дәм — бауырсақ пен хош иісті наурыз көже ұсынылып, әрбір келген жанға шынайы ықылас пен ізгі ниет көрсетілді.

”Қырмызы" ересек тобы

"Нарғызгул" кіші тобы

“Баршын” ортаңғы тобы

Тақырыбы: ”Достық ауылына қош келдің Наурыз”

Мақсаты: Балаларды Наурыз мейрамы туралы алғашқы түсінікпен таныстыру Қазақ халқының салт-дәстүріне қызығушылықтарын арттыру.

logo.png
ҚР, Астана қ.,
Әміре Қашаубаев, 28
8 (7172) 26-36-24
info@zhaukazyn92.edu.kz
© 2026 All Rights Reserved. Designed By site-pro.kz