ЖАҢАЛЫҚТАР

”Еңлік” мектепалды тобы

Мақсаты: Балалардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, кітаптың адам өміріндегі маңызын түсіндіру. Оқуға деген сүйіспеншілігін қалыптастырып, ой-өрісін, тіл байлығын дамыту. Кітапты ұқыпты ұстауға, оны құрметтеуге тәрбиелеу.

«Бәйшешек» ортаңғы тобы

“Баршын” ортаңғы топ

”Еңлік” мектепалды тобы

Тақырыбы: Таза табиғат-жарқын болашақ.

Мақсаты: Балаларға қоқысты сұрыптау туралы түсінік беру, қағаз, пластик, қалдықтарын ажырата білуге үйрету. Табиғатты қорғауға, қоршаған ортаны таза ұстауға тәрбиелеу. Ұқыптылыққа, тазалыққа баулу және экологиялық мәдениетін қалыптастыру.

«Таза Қазақстан» акциясы аясында балабақшамызда «Әке – үлгі, әке – өнеге» тақырыбында сенбілік іс-шарасы ұйымдастырылды.

Аталған іс-шараға әкелер мен тәрбиеленушілер белсенді қатысып, бірлесе отырып балабақша ауласын көгалдандыру жұмыстарына атсалысты.

Әкелер балаларымен бірге ағаш отырғызып, қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосты.

Сонымен қатар, іс-шара барысында қатысушылар ұлттық ойындар ойнап, ұйымшылдық пен ептіліктерін көрсетті. Белсенділік танытқан әкелер мен тәрбиеленушілер арнайы сертификаттармен марапатталды.

«ADAPTATION DAYS» жобасы аясында балабақшамыздың мектепалды «Еңілік», «Бөртегүл» және «Лалалагүл» топтары экскурсияға барды.

Тәрбиеленушілер №33 жайлы орта білім беретін мектепке барып, мектеп тынысымен танысты. Алғаш рет партаға отырып, өздерін нағыз оқушы ретінде сезінді. Балалар бастауыш сынып мұғалімдерінің қызықты тапсырмаларын орындап, белсенділік танытты.

Сондай-ақ, бастауыш сынып оқушылары дайындаған сахналық қойылымдарды тамашалап, ерекше әсер алды. Атап айтқанда, «Бауырсақ», «Жеті лақ», «Үйшік» ертегілері балаларға керемет көңіл-күй сыйлады.

Экскурсия соңында мектептің еңбек пәні мұғалімі мен оқушылары дайындаған ерекше сыйлықтарға ие болды. Бұл күн балалар үшін әсерге толы, есте қаларлық сәттерге айналды! 

logo.png
ҚР, Астана қ.,
Әміре Қашаубаев, 28
8 (7172) 26-36-24
info@zhaukazyn92.edu.kz
© 2026 All Rights Reserved. Designed By site-pro.kz