ЖАҢАЛЫҚТАР

Мектепалды тобы “Бөртегүл”  

«Меруертгүл» ортаңғы тобы

Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы жан-жақты түсінік қалыптастыру, оның жыл басы екенін ұғындыру. Көктем мезгіліндегі табиғаттың жаңаруын, күн мен түннің теңелуін түсіндіру арқылы дүниетанымын кеңейту. Қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын наурыз көже, көрісу, бата беру, ерулік, көне ауыл Сайрам ауылымен таныстыру, ұлттық құндылықтарға деген құрмет сезімін қалыптастыру.

Күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлы есімімен аталатын ауылымызда өткен Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік — ұлттық рух пен салт-дәстүрдің жарасымды көрінісіне айналды.

Шуақты мерекеде бүлдіршіндеріміз ән шырқап, би билеп, ұлттық ойындар арқылы өз өнерлерін паш етті. Қол күресі, арқан тартыс, күш сынасу сынды ойындарда балалардың ептілігі мен батылдығы айқын көрінді.

Мектепалды тобы “Еңлік”

Тақырыбы: Әз-Наурыз

Мақсаты: Балаларға Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесінің мәнін түсіндіру, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына деген қызығушылықтарын арттыру. Ұлттық құндылықтарды құрметтеуге, бірлікке, татулыққа, ізгілік пен мейірімділікке тәрбиелеу.

Мектепалды тобы “Лалагүл”

Тақырыбы:«Қош келдің, Төрлет, төрлет - Наурыз!»

Мақсаты: Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесін тойлау. Ұлттық дәстүрдің ерекшеліктерімен таныстыру. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін балалардың бойына сіңіру. Балаларды ұлттық салт-дәстүрді, мұраларды танып-білуге, сыйлап, түсінуге үйрету. Балалардың ой-қиялының, шығармашылық белсенділігінің және бейнелі ойларының дамуына ықпал ету.

logo.png
ҚР, Астана қ.,
Әміре Қашаубаев, 28
8 (7172) 26-36-24
info@zhaukazyn92.edu.kz
© 2026 All Rights Reserved. Designed By site-pro.kz