ЖАҢАЛЫҚТАР

7-сәуір Дүниежүзілік денсаулық сақтау күніне орай психологиялық саулық пен эмоционалдық тұрақтылықты нығайтуға бағытталған мектепалды “Еңлік” тобына “Менің көңіл-күйім” тақырыбында тренинг өткізілді.

Мақсаты: Балалардың эмоцияларын тану және білдіру. Ішкі сезімдерді шығармашылық арқылы шығару. Сенімділік пен қарым-қатынасты дамыту.

Психолог: Кожамсеитова А. Р.

Бүгін балабақшамыздың мектепалды топтар арасында “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы “Еңбекқорлық және кәсіби біліктік” айлық жоспары аясында “Таза Қазақстан - дені сау ұрпақ” флешмобы өтті. Тәрбиеленушілер таңғы сергіту жаттығуларын жасап, дене белсенділігін арттыруға арналған қимылды флешмоб биледі

«Таза Қазақстан» акциясы барысында экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Құстар – біздің досымыз» тақырыбында іс-шара өткізілді.

Қырмызы ересек тобы әкелермен бірлесе отырып, құстарға ұя жасап, жем салды. Іс-шара барысында балаларға құстарға қамқорлық жасау, табиғатты аялау туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Мақсаты – экологиялық жауапкершілікті қалыптастырып, табиғатқа деген сүйіспеншілікті арттыру.

2026 жылғы 31 наурыз күні балабақшамызда №4 педагогикалық кеңес өткізілді.

Кеңестің тақырыбы «АДАЛ АЗАМАТ» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру аясында мектепке дейінгі ұйымдарда адамгершілік-патриоттық тәрбие беру мәселелеріне арналды. Іс-шара барысында тәрбие жұмысының тиімді әдіс-тәсілдері қарастырылып, педагогтардың кәсіби тәжірибелерімен алмасуы ұйымдастырылды.

Күн тәртібіне сәйкес баяндамалар тыңдалып, шебер сағаттар өткізілді, сондай-ақ өзекті мәселелер бойынша талқылаулар жүргізілді. Кеңес қорытындысы бойынша нақты ұсыныстар қабылданып, алдағы жұмыс бағыттары айқындалды.

logo.png
ҚР, Астана қ.,
Әміре Қашаубаев, 28
8 (7172) 26-36-24
info@zhaukazyn92.edu.kz
© 2026 All Rights Reserved. Designed By site-pro.kz