ЖАҢАЛЫҚТАР

“Бөртегүл” ересек тобы

Мақсаты: 25 қазан – Республика күні мерекесінің маңыздылығын түсіндіру. Балаларға Қазақстанның ұлттық рәміздері мен мәдени мұрасы туралы түсінік беру. “ Байтерек” монументі мен Самұрық құс бейнесінің мағынасын таныстыру арқылы туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Балалардың ел тарихына, ұлттық құндылықтарға қызығушылықтарын оятып, патриоттық сезімін қалыптастыру, сөздік қорын молайтып, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

“Еңлік” ересек тобы

Міндеті: Балаларды табиғи материалдармен (жапырақтармен) таныстыру, ұсақ қол моторикасын, шығармашылық қабілеттерін, қиялын дамыту. Желімді ұқыпты пайдалануға және табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Балабақшамызда өткен «Күзгі береке» қайырымдылық жәрмеңкесіне 12 топтың ата-аналары белсенді қатысып, игі іске өз үлестерін қосты.

Жәрмеңкеден түскен қаражат емге мұқтаж балаға көмек ретінде жолданды.

Осы қайырымдылық шарасына атсалысып, қолдау білдірген барлық ата-аналарға шын жүректен алғыс айтамыз!

Сайыстың басты мақсаты – балаларға қазақ халқының ұлттық ойындарын дәріптеу, ұлттық құндылықтарымызды насихаттау, әке мен бала арасындағы байланысты нығайту және салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Сайыс барысында қатысушылар «Қанталапай», «Бестемше», «Арқан тарту» сияқты ұлттық ойындар бойынша бақ сынап, өздерінің ептіліктері мен шапшаңдықтарын көрсетті.

Осындай тағылымды шаралар арқылы жас ұрпақтың бойына ұлттық мұраға деген құрметті сіңіріп, ата-баба дәстүрін жалғастыруға жол ашамыз.

logo.png
ҚР, Астана қ.,
Әміре Қашаубаев, 28
8 (7172) 26-36-24
info@zhaukazyn92.edu.kz
© 2026 All Rights Reserved. Designed By site-pro.kz