Балабақшамызда өткен «Күзгі береке» қайырымдылық жәрмеңкесіне 12 топтың ата-аналары белсенді қатысып, игі іске өз үлестерін қосты.
Жәрмеңкеден түскен қаражат емге мұқтаж балаға көмек ретінде жолданды.
Осы қайырымдылық шарасына атсалысып, қолдау білдірген барлық ата-аналарға шын жүректен алғыс айтамыз!
Бірлігіміз – береке, мейіріміміз – балаға үміт!

