ЖАҢАЛЫҚТАР

1 қазан – Қарттар күніне орай ортаңғы топтар арасында «Қарттарым – асыл қазынам» атты көрме ұйымдастырылды.

Көрменің мақсаты – балалардың бойына үлкенді құрметтеу, ата-әжеге деген сүйіспеншілік пен қамқорлық сезімдерін қалыптастыру.

Балалар өз қолдарымен сүйікті ата-әжелеріне арнап ерекше сыйлықтар жасап, жүрек жылуларын білдірді. Әрбір қолдан жасалған бұйымда балғын жүректің мейірімі мен ақ тілегі жатыр.

Бүгін «Жауқазын» балабақшасында біз, аналар қауымы, сүйікті апайларымызды таңғалдыруды жөн көрдік және мерекеге орай оларға арнап шағын қойылым дайындадық.

Бұл жолы үнді сериалының кейіпкерлеріне айналдық. Күлкі де, ерекше эмоция да, импровизация да көп болды, ал бұл сәттер естелік болып мәңгі қалары анық.

Әрбір қойылымымыздың артында — апайларымызға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, олардың күнделікті еңбегі, төзімі мен балаларымызға деген жылулығы үшін шынайы АЛҒЫСЫМЫЗДЫ білдіру деген қарапайым ғана ниет жатыр.

“Бөртегүл” ересек тобы

Мақсаты: Балаларға 1-қазан қарттар күні туралы түсінік бере отырып, қарттарға құрметпен қарауға, сыйлауға үйрету, ауызекі сөйлеу дағдысын жетілдіру.

logo.png
ҚР, Астана қ.,
Әміре Қашаубаев, 28
8 (7172) 26-36-24
info@zhaukazyn92.edu.kz
© 2026 All Rights Reserved. Designed By site-pro.kz