Сайыстың басты мақсаты – балаларға қазақ халқының ұлттық ойындарын дәріптеу, ұлттық құндылықтарымызды насихаттау, әке мен бала арасындағы байланысты нығайту және салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Сайыс барысында қатысушылар «Қанталапай», «Бестемше», «Арқан тарту» сияқты ұлттық ойындар бойынша бақ сынап, өздерінің ептіліктері мен шапшаңдықтарын көрсетті.
Осындай тағылымды шаралар арқылы жас ұрпақтың бойына ұлттық мұраға деген құрметті сіңіріп, ата-баба дәстүрін жалғастыруға жол ашамыз.
Сайысқа қатысып, белсенділік танытқан барша әкелерге алғысымызды білдіреміз! Ұлттық құндылықтарымыз ұлықтала берсін!

