ЖАҢАЛЫҚТАР

“Меруертгүл” ортаңғы тобының тәрбиеленушісі: Мырзабек Алдиярхан

“Қалдыққа екінші өмір сыйла” тақырыбында жасалынған кардон ыдыстар мен пластик қалдықтан “Жарықшам” жасау.

Мақсаты: Балалардың экологиялық сауаттылығын арттыру және табиғатты қорғауға бағытталған практикалық әрі шығармашылық дағдыларын қалыптастыру.

«Жаңа Конституция – педагогтің құқықтық мәдениеті және азаматтық жауапкершілігі» тақырыбында педагогтер арасында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында педагогтер Конституцияның қоғамдағы маңызы, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және азаматтық жауапкершілікті арттыру мәселелері төңірегінде өз пікірлерін ортаға салып, тәжірибе алмасты. Сонымен қатар, заң талаптарын сақтау, құқықтық сауаттылықты жетілдіру және жас ұрпаққа құқықтық тәрбие берудің маңыздылығы жан-жақты талқыланды.

«Құқығымды тап» дидактикалық ойыны арқылы тәрбиеленушілер құқықтық және адамгершілік негіздерімен танысты.

Ойын барысында тәрбиеші түрлі жағдаяттар бейнеленген суреттерді көрсетті. Балалар суретке мұқият қарап, оның қандай құқыққа қатысты екенін анықтады. Мысалы, емделіп жатқан баланы көріп – денсаулық сақтау құқығын, ал мектептегі баланы көріп – білім алу құқығын атады.

Осындай қызықты ойындар арқылы бүлдіршіндер өз құқықтарын танып, оларды құрметтеуді, айналасындағы адамдардың құқықтарына сыйластықпен қарауды үйренеді.

«Мен елімнің кішкентай азаматымын» атты ойын барысында бүлдіршіндер жүрекшені бір-біріне ұсынып, «Мен Отанымды сүйемін, өйткені…» деген сөйлемді өз ойларымен жалғастырды.

Балалардың шынайы, жүректен шыққан жауаптары олардың туған жерге деген сүйіспеншілігін, елге деген құрметі мен патриоттық сезімін көрсетті. Осындай тәрбиелік ойындар арқылы бүлдіршіндердің азаматтық жауапкершілігі, Отанға деген мақтанышы мен ұлттық құндылықтарға деген құрметі қалыптасады.

logo.png
ҚР, Астана қ.,
Әміре Қашаубаев, 28
8 (7172) 26-36-24
info@zhaukazyn92.edu.kz
© 2026 All Rights Reserved. Designed By site-pro.kz