Балалар өздерінің түрлі-түсті, әдемі әрі ерекше шұлықтарын таныстырып, шаттыққа толы шеруге қатысты.
Қызықты ойындар ойнап, ән айтып, би билеп, көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Әр бала өз қиялын танытып, ерекше стилімен көзге түсті. Бұл шара балалардың шығармашылығын дамытып, достық қарым-қатынасты нығайтып, ұмытылмас әсерге толы мерекеге айналды.

«Баршын» ортаңғы топ
Мақсаты: Балаларды таза ауада шығармашылыққа баулу, обручқа орналастырылған гүл күлтешелеріне бояумен әсем сурет салуға үйрету. Түстерді үйлестіре қолдану арқылы эстетикалық талғамын, қиялын, ұсақ қол моторикасын және шығармашылық қабілетін дамыту. Табиғатты аялауға, ұқыптылыққа және өз жұмыстарын мақтан тұтуға тәрбиелеу.
Мен кішкентаймын. Әлі қауіптің бәрін түсіне бермеймін. Кейде терезеге жақындап, сыртқа қызыға қараймын. Бірақ ашық терезе мен үшін үлкен қауіп екенін ұмытпаңыз.