Мақсаты: Балалардың жол қозғалысы ережелері туралы білімдерін кеңейту, велосипед пен самокатты қауіпсіз пайдалану дағдыларын қалыптастыру. Бағдаршамның түстері мен жол белгілерін ажырата білуге, жолда өзін дұрыс ұстауға үйрету. Қимыл-қозғалыс белсенділігін, ептілігін, шапшаңдығын, тепе-теңдігін дамыту. Жарыс барысында ұйымшылдыққа, бір-біріне көмектесуге, жауапкершілікке, тәртіпті сақтауға тәрбиелеу және жол қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыру.

Мақсаты: Балалардың денсаулығын нығайту, табандарын шынықтыру, тепе-теңдігін дамыту және денсаулыққа пайдалы әрекеттерге қызығушылықтарын арттыру.
Мақсаты: Балаларға тіс тазалығының денсаулық үшін маңызын түсіндіру, тісті дұрыс күту дағдыларын қалыптастыру. Тіс щеткасы мен тіс пастасын дұрыс қолдануға үйрету, жеке бас гигиенасын сақтауға, тазалыққа ұқыпты қарауға және салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Балалардың қауіпсіздігі – баршамыздың ортақ міндетіміз. Осы мақсатта балабақшамыздың тәрбиешілері мен тәрбиеленушілері бірлесе отырып, «Әке-ана, терезені жапшы!» челленджіне қатысты.