ЖАҢАЛЫҚТАР

“Лалагүл” мектепалды тобы

Бөлімі: Сауат ашу негіздері

Мақсаты: Балалардың әріптерді тану, буындап оқу, сөз құрау дағдыларын бекіту. Ойын арқылы білімге қызығушылығын арттыру.

Тәрбиеші: Тұрдау Д.

«Бөртегүл» мектепалды тобы

ҰІӘ Бөлімі: Сауат ашу

Мақсаты: Балалардың білімге деген қызығушылығын арттыру, оқу әрекетіне ынталандыру. Ойын арқылы ойлау қабілеттерін, тіл байлығын, есте сақтауын дамыту. Әр түрлі тапсырмалар арқылы балалардың білімдерін бекіту, өз ойларын еркін жеткізе білуге үйрету.

Тәрбиеші: Усенова Багдат Болатовна

«Түймедақ» кіші тобы

Мақсаты: Балаларға Қазақстан халқының бірлігі күні туралы түсінік беру, достыққа, татулыққа тәрбиелеу.

Сонымен қатар: «Бірлігі жарасқан – Тәуелсіз Қазақстан!» атты мерекелік фестивалі балабақшада топтар арасында ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – балаларға Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру, елін құрметтеуге тәрбиелеу, сондай-ақ бірлік пен ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейту.

Тақырыбы: «Бір шаңырақ астында», «Бірлігіміз жарасқан»

Мақсаты: Балаларға Қазақстанда тұратын түрлі ұлт өкілдерінің бірлікте, татулықта өмір сүретінін түсіндіру. Достыққа, сыйластыққа, мейірімділікке тәрбиелеу, өзге ұлттардың мәдениетіне құрметпен қарауға баулу. Бірлік пен ынтымақтың маңызын ұғындыру, ортақ Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.

logo.png
ҚР, Астана қ.,
Әміре Қашаубаев, 28
8 (7172) 26-36-24
info@zhaukazyn92.edu.kz
© 2026 All Rights Reserved. Designed By site-pro.kz