Бүгін «Жауқазын» балабақшасында біз, аналар қауымы, сүйікті апайларымызды таңғалдыруды жөн көрдік және мерекеге орай оларға арнап шағын қойылым дайындадық.
Бұл жолы үнді сериалының кейіпкерлеріне айналдық. Күлкі де, ерекше эмоция да, импровизация да көп болды, ал бұл сәттер естелік болып мәңгі қалары анық.
Әрбір қойылымымыздың артында — апайларымызға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, олардың күнделікті еңбегі, төзімі мен балаларымызға деген жылулығы үшін шынайы АЛҒЫСЫМЫЗДЫ білдіру деген қарапайым ғана ниет жатыр.
Балабақшамызда осындай ізгі, көңілді де шынайы сәттер мүмкіндігінше көп болсын. Ал біздің белсенді ата-аналар театрына, шамасы, келесі нөмірді дайындауды бастау керек сияқты.

