«ADAPTATION DAYS» жобасы аясында
- Қаралды: 63
«ADAPTATION DAYS» жобасы аясында балабақшамыздың мектепалды «Еңілік», «Бөртегүл» және «Лалалагүл» топтары экскурсияға барды.
Тәрбиеленушілер №33 жайлы орта білім беретін мектепке барып, мектеп тынысымен танысты. Алғаш рет партаға отырып, өздерін нағыз оқушы ретінде сезінді. Балалар бастауыш сынып мұғалімдерінің қызықты тапсырмаларын орындап, белсенділік танытты.
Сондай-ақ, бастауыш сынып оқушылары дайындаған сахналық қойылымдарды тамашалап, ерекше әсер алды. Атап айтқанда, «Бауырсақ», «Жеті лақ», «Үйшік» ертегілері балаларға керемет көңіл-күй сыйлады.
Экскурсия соңында мектептің еңбек пәні мұғалімі мен оқушылары дайындаған ерекше сыйлықтарға ие болды. Бұл күн балалар үшін әсерге толы, есте қаларлық сәттерге айналды!

Мақсаты: Балалардың сөздік қорын байыту, гүлдердің атын атау арқылы сөйлеу тілін және есте сақтау қабілеттерін дамыту.
«Бөртегүл» тобының тәрбиеленушісі: Болатхан Нұрали
«Қырмызы» ересек тобының тәрбиеленушісі: Ескермесова аяла