ЖАҢАЛЫҚТАР

“Бөртегүл” мектепалды тобы

“Адал азамат” бағдарламасы аясында “Таза орта – таза ой” тақырыбында өткізілген іс-шараның мақсаты – балаларға тазалықтың маңызын түсіндіру, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу, ұқыптылық пен жауапкершілік дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ таза орта арқылы таза ой мен жақсы мінез-құлыққа баулу.

7-сәуір Дүниежүзілік денсаулық сақтау күніне орай психологиялық саулық пен эмоционалдық тұрақтылықты нығайтуға бағытталған мектепалды “Еңлік” тобына “Менің көңіл-күйім” тақырыбында тренинг өткізілді.

Мақсаты: Балалардың эмоцияларын тану және білдіру. Ішкі сезімдерді шығармашылық арқылы шығару. Сенімділік пен қарым-қатынасты дамыту.

Психолог: Кожамсеитова А. Р.

Бүгін балабақшамыздың мектепалды топтар арасында “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы “Еңбекқорлық және кәсіби біліктік” айлық жоспары аясында “Таза Қазақстан - дені сау ұрпақ” флешмобы өтті. Тәрбиеленушілер таңғы сергіту жаттығуларын жасап, дене белсенділігін арттыруға арналған қимылды флешмоб биледі

«Таза Қазақстан» акциясы барысында экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Құстар – біздің досымыз» тақырыбында іс-шара өткізілді.

Қырмызы ересек тобы әкелермен бірлесе отырып, құстарға ұя жасап, жем салды. Іс-шара барысында балаларға құстарға қамқорлық жасау, табиғатты аялау туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Мақсаты – экологиялық жауапкершілікті қалыптастырып, табиғатқа деген сүйіспеншілікті арттыру.

logo.png
ҚР, Астана қ.,
Әміре Қашаубаев, 28
8 (7172) 26-36-24
info@zhaukazyn92.edu.kz
© 2026 All Rights Reserved. Designed By site-pro.kz