ЖАҢАЛЫҚТАР

“Меруертгүл” ортаңғы тобы

Мақсаты: Балаларды ертегі әлемімен таныстыру, кейіпкерлерді ажырата білуге үйрету. Сөздік қорларын молайтып, байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту. Ертегі арқылы мейірімділікке, достыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

«Түймедақ» кіші тобы

Мақсаты: Түймедақ гүлімен таныстыру , оның ерекшеліктерін түсіндіру. Табиғатты сүюге әдемілікке деген құлшыныстарын оятып, елімізді жасыл желекке айналдырып гүлденуіне үлес қосуына тәлбиелеу.

«Менің әкем – батыр» атты мерекелік іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті. Шара барысында балалар Отанға деген сүйіспеншіліктерін білдіріп, ҚР Әнұранын орындады, патриоттық әндер айтып, әсем билерін тарту етті. Сонымен қатар ұлттық ойындар ойнатылып, әкелер мен балалар белсенді қатысып, ерекше көңіл-күй сыйлады. Іс-шараның басты мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеп, әке мен бала арасындағы сыйластық пен бірлікті нығайту болды.

«Нәркес» ересек тобының тәрбиеленушісі Саян Абай қазақ халқының батыр ұлы – Ер Төстік туралы әңгімелеп, өз өнерін көрсетті. Жас бүлдіршін батырдың ерлігі мен батылдығын насихаттап, Отанға деген сүйіспеншілігін білдірді.

logo.png
ҚР, Астана қ.,
Әміре Қашаубаев, 28
8 (7172) 26-36-24
info@zhaukazyn92.edu.kz
© 2026 All Rights Reserved. Designed By site-pro.kz