Бұл сәттер жылдар өтсе де ұмытылмай, балалық шақтың ең жылы естелігі болып қала береді.
Бұл сәттер жылдар өтсе де ұмытылмай, балалық шақтың ең жылы естелігі болып қала береді.
"Лалагүл" мектепалды тобының балабақшамен қоштасу ертеңгілігі
Бүгін біздің кішкентай жұлдыздарымыз балабақшамен қоштасып, мектепке алғашқы қадамдарын жасауға дайын екендерін көрсетті. Әр бала — балабақшамыздың жарқын жұлдызы, ал олардың күлкісі мен шаттыққа толы сәттері жүрегімізде мәңгі сақталады.
Балалардың балдәурен балалық шағы өткен аяулы мекенмен қоштасу сәті ерекше әсерге толы болды. Ән айтылып, би биленіп, жылы лебіздер айтылған бұл мереке естен кетпес естелікке айналды.
Ақ жол, бүлдіршіндер!
Мектепалды “Бөртегүл” тобының балабақшамен қоштасу ертеңгілігі ерекше әсерге толы өтті.
Балалардың бал-бұл жанған жүздері, сыңғырлаған күлкілері мен осы балабақша қабырғасындағы әрбір бақытты сәт жүрегімізде мәңгі сақталады.
Кеше ғана тәй-тәй басқан бүлдіршіндеріміз бүгінде үлкен өмірге қадам басқалы тұр.
Балабақшада өткен әр күн, әр ойын, әр мереке — ұмытылмас естелік болып қала бермек.
Сүйікті бүлдіршіндерімізге жарқын болашақ, биік белестер, таусылмас бақыт пен сәттілік тілейміз!
Қадамдарың нық, армандарың асқақ болсын!
Мектепалды “Бөртегүл” тобы
Мақсаты: Балаларға жолда жүру ережелерін үйрету, жол белгілерін таныстыру, қауіпсіздікке тәрбиелеу.
Жолдан тек жаяу жүргінші жолағымен өту;
Үлкендердің қолынан ұстау;
Ойын ойнап жолға шықпау;
Самокат, велосипедті абайлап тебу;