ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Меруертгүл» тобының тәрбиеленушілері рәміздер тақырыбындағы боямақтарды қызығушылықпен бояды. Балалар өз шығармашылықтарын көрсетіп, еліміздің Туы, Елтаңбасы мен Әнұраны туралы білімдерін толықтырды. Мемлекеттік рәміздерге деген құрмет пен патриоттық сезімдерін нығайтты.

“Түймедақ”кіші тобы

Дидактикалық ойын: «Шарларды түсіне қарай орналастыр»

Мақсаты: Балалардың негізгі түстер (қызыл, сары, көк, жасыл) туралы білімдерін бекіту, түстерді ажыратып, сәйкестендіре білуге үйрету. Зейінін, ойлау қабілетін, есте сақтауын, көру арқылы қабылдауын және ұсақ қол моторикасын дамыту. Ұқыптылыққа, тапсырманы дұрыс орындауға тәрбиелеу.

Қол-көз координациясын дамыту – баланың көзбен көрген ақпаратты қол қимылымен дәл әрі үйлесімді орындау қабілетін жетілдіру.

Мақсаты: Балалардың қол мен көз әрекеттерінің үйлесімділігін дамыту, қимыл дәлдігін арттыру, ұсақ моториканы жетілдіру.

logo.png
ҚР, Астана қ.,
Әміре Қашаубаев, 28
8 (7172) 26-36-24
info@zhaukazyn92.edu.kz
© 2026 All Rights Reserved. Designed By site-pro.kz