ЖАҢАЛЫҚТАР

14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күніне орай және «Жасампаздық пен жаңашылдық» айы аясында ұйымдастырылған «Бала тілі бал» челленджіне №92 “Жауқазын” балабақшасының «Нәркес» ересек тобының 4 жастағы тәрбиеленушісі Орман Алихан қатысты.

Ол «Шалқан» ертегісін мазмұндап, ойын еркін жеткізіп, кейіпкерлердің рөлін мәнерлеп көрсете білді. Сөйлеу мәнері анық, мазмұны жүйелі, шығарманы түсініп жеткізе отырып, өзінің кітапқа деген сүйіспеншілігінің жоғары екендігін көрсетті.

Жауапты маман: педагог-психолог Кожамсеитова Алия Рахимгалиевна.

Балабақшада баланың эмоционалдық және психологиялық дамуы өте маңызды. Тәрбиешілермен бірге ата-аналар да балалардың жан-жақты дамуына үлес қосуы тиіс.

  1. Баламен дұрыс қарым-қатынас жасау
  • Баланы тыңдаңыз, оның ойлары мен сезімдерін бағалаңыз.
  • Қиындықтар мен эмоцияларын бөлісуге мүмкіндік беріңіз.
  • Мәселені шешкенде балаға түсіністікпен қараңыз.
  1. Еңбек пен жауапкершілікке баулу
  • Күнделікті тапсырмалар мен ойындар арқылы балаға жауапкершілік сезімін қалыптастырыңыз.
  • Жетістіктерін мақтап, дұрыс әрекеттерін қолдаңыз.

Ойын-сайыс «Нәркес» және «Қызғалдақ» топтары арасында өтті.

Іс-шара барысында балалардың қимыл-қозғалыс белсенділігі арттырылып, қысқы спорт ойындары туралы қарапайым түсінік қалыптастырылды.

Сайыс жоспарға сай, қауіпсіздік талаптары сақтала отырып өткізілді. Балалар белсенділік танытып, тапсырмаларды қызығушылықпен орындады.

Сайыс соңында достық жеңіске жетті.

Мектепалды ”Лалагүл” тобы

Мақсаты: Ата-аналарды балалардың даму ерекшеліктерімен, оқу-тәрбие жұмысының нәтижелерімен таныстыру;

Балалардың күнделікті іс-әрекет үдерісіндегі даму деңгейімен таныстыру;

Тәрбиеші мен ата-ананың бірлескен іс-әрекеті арқылы баланың жан-жақты дамуына жағдай жасау, мектепке даярлық бойынша бірлескен жұмысты күшейту.

logo.png
ҚР, Астана қ.,
Әміре Қашаубаев, 28
8 (7172) 26-36-24
info@zhaukazyn92.edu.kz
© 2026 All Rights Reserved. Designed By site-pro.kz