ЖАҢАЛЫҚТАР

“Нәркес” ересек тобы

“Өрттен сақ бол!” тақырыбында бейне сюжет арқылы мультфильм көрді.

Мақсаты: өрт қауіпсіздігі кезінде балалалардың сақтық шараларың сақтаудың қажеттілігі туралы түсініктерін қалыптастыру;

Тәрбиеші: Ерлан Еркегул

Балабақшамызда өткен «200 мектеп & балабақша – 4000 әке» атты экологиялық челленджге белсене қатысып, қолдау көрсеткендеріңіз үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз.

Аталған іс-шараның басты мақсаты – әкелерді бала тәрбиесіне белсенді тарту, олардың азаматтық жауапкершілігін арттыру және ұжымдық еңбек арқылы бірлік пен ынтымақтастықты нығайту. Сіздер балабақша ауласы мен ойын алаңдарын тазарту арқылы экологиялық мәдениетті қалыптастыруға үлес қосып қана қоймай, балаларымызға өнегелі үлгі көрсеттіңіздер.

Қоғамдық іске атсалысып, уақыт бөліп келгендеріңіз – біз үшін үлкен құрмет. Қолдауларыңызға рақмет! Бірге біз үлкен істерді атқара аламыз!

Ізгі ниетпен: №92 «Жауқазын» балабақшасының әкімшілігі.

«Бөртегүл» мектепалды тобының тәрбиеленушілері мектепке дейінгі білім беру ұйымдары арасында өткен жол жүру ережесі бойынша қалалық «Брейн-ринг» байқауына қатысып, жүлделі II орынға ие болды.

Байқауға дайындаған педагогтарға алғысымызды білдіреміз!

Жеңістеріңіз құтты болсын!

logo.png
ҚР, Астана қ.,
Әміре Қашаубаев, 28
8 (7172) 26-36-24
info@zhaukazyn92.edu.kz
© 2026 All Rights Reserved. Designed By site-pro.kz