ЖАҢАЛЫҚТАР

“Қызғалдақ” ересек тобы

Мақсаты: Балаларына Көрісу күні дәстүрін таныстыру, үлкендерді құрметтеуге, алғыс айтуға және ізеттілік көрсетуге тәрбиелеу. Балалардың тәрбиешіге деген құрметін арттыру, ризашылық білдіру мәдениетін қалыптастыру. Ұлттық салт-дәстүрді дәріптеп, балаларды мейірімділікке, сыйластыққа және достыққа баулу.

№92 «Жауқазын» балабақшасының ересек «Нәркес» тобының тәрбиеленушісі Саян Абай мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Бестемше» ұлттық ойыны бойынша аудандық кезеңде қатысып, жүлделі ІІІ орынға ие болды.

Жас тәрбиеленушімізді жеңісімен құттықтаймыз!

Жетекшісі: Қуаныш Бақнур Қанатбекұлы.

Бүлдіршінімізге алдағы уақытта да толағай табыс, жаңа жетістіктер тілейміз.

“Бөртегүл” мектепалды тобы

Мақсаты: Балаларға бағдаршам сигналдарын,жол белгілерін және қоғамдық орындарда өзін- өзі ұстау әдебін үйрету.

Қатысқан бала саны 19 бала.

Тәрбиеші: Усенова Багдат Болатовна

№92 «Жауқазын» балабақшасының «Нәркес» тобы тәрбиеленушісі Алдаберген Қасым «Ережелер еліне саяхат» челленджі аясында әкесімен бірге жол жүру ережелері туралы әңгіме жүргізді.

Әкесі баласына жолда жүру тәртібін түсіндіріп, қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығын көрсетті. Отбасы тәрбиесі арқылы балалар жауапкершілік пен тәртіпке үйренеді.

logo.png
ҚР, Астана қ.,
Әміре Қашаубаев, 28
8 (7172) 26-36-24
info@zhaukazyn92.edu.kz
© 2026 All Rights Reserved. Designed By site-pro.kz