«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық науқаны аясында жалпықалалық экологиялық айлық басталды.
Осыған орай №92 «Жауқазын» балабақшасында аумақты тазалау, абаттандыру және көгалдандырылған жерлерді ретке келтіру жұмыстары ұйымдастырылды.
Балабақша аумағы, кіреберістер, жаяу жүргіншілер жолдары тазаланып, қоқыстар жиналып, айнала көркейтілді.
Тазалық – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз.
Қоршаған ортаны таза ұстау арқылы балаларға табиғатты аялаудың, еңбекке жауапкершілікпен қараудың үлгісін көрсетеміз.
Таза аула – таза орта – жарқын болашақ!

