Балалардың ана тіліне және мемлекеттік тілге деген құрметін арттыру, елімізде өмір сүретін түрлі халықтардың тілдері мен мәдениетіне қызығушылығын қалыптастыру мақсатында Тілдер фестивалі өтті.
Фестиваль барысында балалардың қазақ тілінде анық әрі дұрыс сөйлеу дағдыларын жетілдіруге, сөздік қорын молайтуға, қарапайым сөздер мен сөз тіркестерін бекітуге бағытталған түрлі тапсырмалар орындалды. Мақал-мәтелдер, жұмбақтар мен жаңылтпаштар арқылы балалардың тіл байлығы мен шығармашылық қабілеттері дамытылды.
Сонымен қатар, әртүрлі халықтардың мәдениетімен танысу арқылы балаларды достыққа, бірлікке, татулыққа және ұйымшылдыққа тәрбиелеуге көңіл бөлінді. Фестиваль балалардың тілге деген қызығушылығын арттырып, көптілділік пен мәдени әртүрліліктің маңызын түсінуге ықпал етті.

