Мақсаты: балаларға 25 қазан – Республика күні мерекесінің маңызын түсіндіру. Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, Қазақстан Республикасының рәміздерін құрметтеуге, елін мақтан тұтуға тәрбиелеу.
Балалардың патриоттық сезімін оятып, өз өнерлерін еркін көрсетуге, шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал ету. Еліміздің бірлігі мен ынтымағын дәріптеп, елжанды ұрпақ тәрбиелеу.

